Қарағандыда полиция бірнеше көліктен ұрлық жасаған күдіктіні құрықтады
Қарағандыда полиция көліктен бірнеше көліктен ұрлық жасаған күдіктіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөлімінің қызметкерлері «Автокөлік» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. Іс-шараның мақсаты – автокөліктен бағалы заттар ұрлаудың алдын алу және автокөлікті айдап кетуді болдырмау.
Жедел алдын алу іс-шарасын тиісті деңгейде өткізу, сонымен қатар бұрын осы санатта жасалған қылмысты ашу мақсатында криминалдық полиция және жергілікті полиция қызметі бөліністерінің қызметкерлерінен жедел тергеу топтары құрылды.
Жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері жеңіл көліктерден бірнеше ұрлық жасады деген күдікпен 40 жастағы қала тұрғынын ұстады. Тергеу әрекеттері барысында оның көлік терезелерін бұзу арқылы ұрлық жасаудың үш дерегі анықталды. Күдікті қылмысын бір маркалы көліктерден ғана жасағаны және бұндай ұрлықтарды Қарағанды, Теміртау қалаларында жасағаны белгілі болды. Күдіктіден айғақ заттар алынып, қылмыстық іс қозғалды.
Ұсталған азаматқа қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды.
Іс-шара барысында тәртіп сақшылар автокөлікті айдап кету дерегіне қатысы бар деген күдікпен 30 жастағы қала тұрғынын ұстады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, оның осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.