Қарағандыда құжатсыз пиротехникалық өнімдер сатқан екі адам анықталды
Қарағандыда құжатсыз пиротехникалық өнімдер сатқан екі адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысында республикалық «Пиротехника» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Оның мақсаты – жаңа жылдық мереке қарсаңында қоғамдық қауіпсіздікті қадағалау, полиция қызметкерлері жеке және заңды тұлғалардың азаматтық пиротехникалардың айналымына және оның қауіпсіздік ережелерін сақтауына қадағалау жасау.
Жедел алдын алу іс-шарасына рейдтік топтар құрылып, олармен 86 алдын алу іс-шаралары жүргізілді. Шараның алғашқы күні пиротехникалық өнімдерін заңсыз сатудың 13 фактісі анықталды. Оларға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 196-бабына (Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсызсауда жасау) бойынша хаттама толтырылды. Барлығы 842 мыңға айыппұл салынып, 214 пиротехникалық өнім тәркіленіп алынды.
Мәселен, Қарағанды қаласындағы базарлардың бірінен ешқандай құжатсыз пиротехникалық өнімдер сатқан екі адам анықталды. Олар осы әрекеттерімен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 196-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасады. Біреуінен 27 тиым салынған зат алынса, екіншісінен көлігінің жүк салғыш бөлігінде сатылып жатқан 17 пиротехникалық зат тәркіленді.
Теміртау қаласында 41 жастағы қала тұрғынымен заңсыз сатылып жатқан пиротехникалық өнімдердің жолы кесілді. Одан 11 пиротехникалық зат тәркіленді. Ал Балқаш қаласында 21 жастағы азамат интернет арқылы пиротехникалық өнімдерді сатқаны үшін жауапкершілікке тартылды. Полиция қызметкерлері азаматты 8 пиротехникалық өнімді сату барысында назарға алып, жауапкершілікке тартты.