Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау полицейі тұрғынның көлік терезесін сындырған ер адамды анықтады

Ұлытау полицейі тұрғынның көлік терезесін сындырған ер адамды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаражал полиция бөліміне қала тұрғынынан белгісіз біреулер көлігінің терезесін сындырғаны туралы арыз түскен. Жәбірленушінің айтуынша, кітапханадан шыққан кезде көлігінің артқы терезесінің сынғанын көрген. Айналада куәгерлер болған жоқ, көлік иесі полиция бөліміне барып, арызданады. Арыз бойынша учаскелік полиция инспекторы Айдос Кеңесов оқиға орнына шұғыл жетіп, тұрғындардан сұрастырып, жақын маңдағы үйлердің көршілерден бейнебақылау камерасындағы жазбаларды қарап шыққан.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде учаскелік полицейлер 55 жастағы құқық бұзушыны анықтады. Ер адам қонаққа барғанын айтып, ішімдіктің бос бөтелкесін терезеден лақтырып жібергенін жеткізді. Бөтелке астындағы көліктің әйнегіне тиген. Ұсталған азамат енді шыны сынықтары үшін ақшалай өтемақы төлейтін болады.

Зардап шегуші көп балалы ана учаскелік инспектор Айдос Кеңесовке және Қаражал қаласының басқа да полиция қызметкерлеріне жедел жұмыс жасап, қызметтік міндеттерін кәсіби атқарып, жоғары шеберлік танытқаны үшін алғысын білдіріп, әлеуметтік желіде хат жолдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру