Қарағандыда қылмыскер ізін жасыру үшін пәтерді өртеп жіберді
Қарағандыда қылмыскер ізін жасыру үшін пәтерді өртеп жіберді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
24 шілдеде 52 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Михайлов полиция бөліміне жүгінді. Жәбірленуші әйел 17 шілдеде белгісіз біреу пәтерге кіріп, 625 мың теңгенің зергерлік бұйымдарын ұрлап кеткенін айтты. Дәл сол уақытта пәтерде өрт шыққан екен. Өрттен жиһаз, терезе және есік жақтаулары, заттар бүлінген. Өрт сөндірушілер өрттің қасақана болғанын анықтады. Жәбірленуші зергерлік бұйымдардың жоғалып кетуін бірнеше күн өткен соң, пәтерді ретке келтіріп жатқан кезде анықтады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні – бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін жауапқа тартылған 28 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Айғақты заттар алынды. Ұсталған адам жәбірленушінің пәтеріне кіреберістің құлыпының кілтпен ашып кіргенін мойындады. Ұры бағалы заттарды тапқан кезде қылмыс іздерін жою үшін тұрғын үйді өртеп жіберген.
Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) және ҚР ҚК-нің 202-бабы (Өзгенің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша қозғалған. Қазіргі уақытта амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.