СҚО-да интернет-алаяқтар ауыл тұрғынын 2 млн теңгеге алдап кетті
Есіл ауданының 54 жастағы тұрғынына, оның банк шотына қылмыскерлер шабуыл жасап жатыр деп алаяқтар қоңырау шалған, оны сақтап қалу үшін «резервтегі депозитке» аудару керек деп айтқан. Әйел айтылған шотқа екі миллион теңгеге жуық жиған ақшасын аударған. Кейін ол банктің call-орталығына жүгінген. Оған банктің қызметкерлері мұндай сипаттағы қоңырау соқпайтынын және клиенттерін сол немесе өзге қаржы операцияларын жасауға мәжбүрлемейтінін айтқан. Өкінішке орай, ақша қаражаттары жоғалған. Әйел полицияға жүгінген. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
– Мұндай қылмыс түрін алдын алу – қазіргі уақыттағы өзекті міндеттердің бірі. Ауданда тиісті жұмыстар жүргізілуде: адамдар көп жиналатын орындарда интернет-алаяқтардың түрлі әккі тәсілдері туралы ескертілген боршюралар мен плакаттар таратылды және аудан орталығы Явленкаға кіре берісіне баннер орналастырылды. Учаскелік инспекторлар аула бойы тексеріс жүргізген уақытта, азаматтарды жеке қабылдау кезінде киберқылмыскерлердің тарапынан болатын қауіп жайлы адамдарға үнемі айтып отырады. Ескертулер үнемі БАҚ-та, әлеуметтік желілердегі аудандық ПБ аккаунттарында жарияланып тұрады. Адамдарды сақ болуға шақырамыз. Жинаған ақшаңызға қауіп төнуі туралы «банктен шалынған қоңырауға» жауап бермеңіз, сөйлесуді бірден тоқтатыңыз. Шоттарыңыз орнында екендігіне көз жеткізу үшін банк бөлімшесіне жеке барыңыз, немесе ресми телефонға хабарласыңыз, — дейді аудандық ПБ бастығының міндетін атқарушы Сағындық Жантеміров.