Қарағандыда қызға зорлық-зомбылық жасауға тырысқан ер адам ұсталды
Қарағандыда қызға зорлық-зомбылық жасауға тырысқан ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
24 шілдеде Қарағанды қаласының ПБ Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне 51 жастағы қала тұрғынының өтініші келіп түсті. Арызданушы сол күні 19.00 шамасында белгісіз адам оның 13 жастағы қызын қолынан ұстап, адам жоқ жерге қарай сүйреп, жыныстық зорлық-зомбылық жасауға тырысқанын хабарлады. Алайда жас баланың және айналасындағылардың айқайынан кейін қаскөй қыз баланы жіберіп, қашып кеткен.
Оқиға орнына бірінші болып учаскелік полиция инспекторлары келді. Күдіктінің жеке басын анықтау және оны ұстау мақсатында олар оқиға болған жерге іргелес аудандарды жіті бақылай бастады. Мұқият тексеру барысында, олар аулалардың бірінде «ізін суытпай» 36 жастағы күдіктіні ұстады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 121-бабы 4-бөлігі (Жас балаға қатысты жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясына сәйкес, күдікті жиырма жылға немесе өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.