Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Тендерлерде жеңемін”: алматылықтарды 300 млн теңгеге алдап кеткен әйел ұсталды

Тендерлерде жеңемін деп алматылықтарды 300 млн теңгеге алдап кеткен әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әуезов ауданының полицейлері алаяқтық жасағаны үшін 37 жастағы С.есімді азаматшаны ұстады.

– Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, күдікті “жақсы таныстарына” сілтеме жасай отырып, азаматтарға тендерлерге қатысуға және жеңіске жетуге уәде берген. Қазіргі уақытта біздің бөлімшеде С.есімді азаматшаның қатысы бар бес қылмыстық іс тергелуде. Жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын көлемі 300 миллион теңгені құрайды. Күдікті қазір қамауда отыр. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Әйелдің басқа да эпизодтарға қатысы бар-жоғы анықталуда, – деді Әуезов аудандық ПБ бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру