Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында есірткі саудалаған жұп құрықталды

Ақмола полицейлері есірткі дайындау және өткізуде күдікті азаматтық ерлі-зайыптыларды ұстады. Күдікті азаматшаны полицияға жеткізу үшін алғаш рет әйелдердің арнайы жасағы тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 шілдеде Атбасар қаласындағы Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора – 2022” жедел-алдын алу іс-шарасы аясында арнайы іс-шараларды өткізу кезінде гашиш майы есірткісін дайындау және одан әрі өткізуде күдікті азаматтық жұбайларды ұстады. Жедел уәкілдер анықтағандай, біраз уақыттан бері 38 жастағы ер адам мен онымен тұратын 37 жастағы азаматаша үйде қарасорадан каннабис сығындысын жасап, кейін алынған препараты өткізген.

Сондай-ақ, ер адам есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстар үшін бұрын сотталған және есірткіні өзі қолданатыны белгілі болды.

Есірткіні өткізуге әрекет жасаған кезде жедел уәкілдер күдіктіден 4 грамнан астам гашиш майын тәркіледі, сондай-ақ ұқсас зат азаматтық ерлі-зайыптылардың тұрғылықты жері бойынша да тәркіленді.

Айта кету керек, ұсталған кезде әйел полицейлерге қарсылық көрсетіп, тәртіп сақшыларының заңды талаптарына бағынбаған. Күдіктіні ұстау және кейіннен полиция бөліміне жеткізу үшін алғаш рет жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкерлері тартылды. Полиция қызметкерлерінің кәсіби іс-әрекеттерінің арқасында қала тұрғыны ұсталды.

Аталған фактіге сәйкес қазіргі уақытта ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі заттарын заңсыз өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, айыпталушылар ұсталып, тергеу кезеңінде қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру