Қарағандыда таксидің ақысын төлемей кеткен адам анықталды
Қарағандыда таксидің ақысын төлемей кеткен адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
5 қарашада Қарағанды қаласының ПБ Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне 53 жастағы қала тұрғыны арызданған. Арызданушы такси жүргізушісі болып жұмыс істейтінін айтты. Көліке мінген ер адам қаланы аралап шыққаннан кейін, қазір төлеймін деп уәде берген ол ақша төлемей кетіп қалған. Келтірілген шығын көлемі 7400 теңгені құрады.
Аталған факті бойынша полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғады.
18 қарашада жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 33 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.