Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда Toyota Land Cruiser жүргізушісі мас күйде ұсталды

Павлодарда Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісі мас күйде ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері павлодарлық полицейлер 1310 мас жүргізушіні ұстады. Әрбір жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік материалдар қозғалды. Сот шешімі бойынша әрқайсысы көлік құралын ұзақ мерзімге дейін басқару құқығынан айырылып, әкімшілік қамауға алынды.

Мысалы, 20 қарашада сағат 22.40 шамасында Павлодар қаласы Чайковский көшесінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мас күйінде көлік құралын басқарған 42 жастағы қала тұрғынының басқаруындағы Toyota Land Cruiser 200 автокөлігін тоқтатты. Бұл факт медициналық куәландырумен расталды.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, оның автокөлігі айыппұл тұрағына қамалды. Материал сотта қаралды, сот шешімімен жүргізуші 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды және 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру