Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер донорлық қан тапсырды

Жамбылдық полицейлер донорлық қан тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбылдық полицейлер ҚР ІІМ бастамашы болған акция аясында Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментінен донорлық эстафетаны қабылдады.

Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері донорлық қан тапсырды.

Полиция департаментінің басшылығы мен қызметкерлері үшін бұл шара бірнеше жылдан бері игі дәстүрге айналған және жүйелі түрде өткізіліп, қайырымды істер қатарын толықтыруда.

– Біз түрлі апаттардан зардап шеккен азаматтарға шұғыл түрде қанды қажет ететін күрделі операцияларды жасауда көмектесе алатынымызға қуаныштымыз. Біздің қызметкерлеріміз тапсырған донорлық қан көптеген адамдардың өмірін сақтап, денсаулығын жақсартуға көмектеседі деп сенеміз, – дейді Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Дінмұхамед Қойториев.

Жамбыл облыстық қан орталығының басшылығы тәртіп сақшыларына тұрақты түрде қан тапсыруға белсенді қатысқаны және донорлық қанға мұқтаж жандарға көмектесуге дайын екендігі, сондай-ақ адамдардың өмірлерін құтқаруды мақсат етіп отырғаны үшін өз тарапынан ризашылығын білдірді.

Донорлық эстафета Батыс Қазақстан облысының Полиция департаментіне тапсырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру