Қарағандыда ұрлық жасаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Қарағандыда ұрлық жасаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Киров полиция бөліміне 40 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Жәбірленуші арызында кешкілік уақытта өзіне тиесілі автокөлігін көпқабатты үйлердің ауласына қойғанын, көлігінің есігін кілтке салуға ұмытып кеткенін, осы сәтті пайдаланған белгісіз біреу көліктен 250 мың теңге ақшасын және тоқпен жел беру құралын ұрлап кеткенін көрсеткен.
Оған келтірілген шығын көлемі 275 мың теңгені құраған.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен аталған іске қатысы бар деген күдікпен 45 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ зат ретінде жел беру құрылғысы тәркіленді.
Аталған дерекке байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерімен күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.