Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балқаштағы сауда орындарында жасалған екі қылмыстың беті ашылды

Балқаштағы сауда орындарында жасалған екі қылмыстың беті ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Балқаш қалалық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне 60 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленуші жеке кәсіппен айналысып, дүкен ашқан. Түнгі уақытта белгісіз біреу оның сауда орнына ұрлыққа түсіп, кәсіпке пайдаланатын бірнеше металл өнімдерін ұрлап әкеткен. Оған келтірілген шығын көлемі – 255 мың теңге.

Қылмысты ашу бойынша криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында олар осы іске қатысы бар деген күдікпен 39 жастағы күдіктіні анықтады. Ұсталған азамат ұрланған заттарды металл өнімдерін қабылдайтын жерге өткізгені туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Арада бірнеше уақыт өткенде полиция бөліміне 51 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Белгісіз біреу оған тиесілі сауда нүктесіне кілт таңдау арқылы кіріп, екі тоқ самаурынын, ыдыс аяқ және бір қап қантты ұрлап кеткен. Жәбірленушіге 30 мың теңге шығын келген.

Жедел әрекет барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 47 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді.

Екі дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру