Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада ер адам бөтелкелесін өлтіріп алғанын мойындады

Ақмолада ер адам бөтелкелесін өлтіріп алғанын мойындады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қарашада Көкшетау қаласының 55 жастағы тұрғыны полицияға кінәсін мойындап келді. Оның айтуынша, танысымен бірге ішімдік ішіп, араларында жанжал басталып кеткен. Содан ол бұрын ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған облыстың 48 жастағы тұрғынының кеуде аймағына пышақ салғанын мойындады. Сонымен қатар тергеу барысында қаскөйдің әрекетінен 49 жастағы әйел зардап шеккені анықталды.

Осы факті бойынша Полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігімен (Адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Оқиға орнынан заттай дәлел, атап айтқанда ас үй пышағы тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелді.

Сот-медициналық сараптама жүргізілуде. Қамауда ұстау түріндегі процессуалдық шарасы таңдалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру