Қарағандыда зейнеткерді тонап кетті
Қарағандыда зейнеткерді тонап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
13 мамырда Қарағанды қаласы ПБ Орталық полиция бөліміне хабарлама түсіп, сауда нүктелерінің бірінде ұрлық болғаны туралы айтылды. 78 жастағы зейнеткер дүкенге барып азық-түлік алмақ болып, сатушыға ақша төлер кезде 18 мың теңгесі бар әмиянның жоғалғанын білген.
Криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 36 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындады. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.