Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда зейнеткердің үйіне заңсыз кірген азаматтар ұсталды

Зейнеткердің үйіне заңсыз кірген үш күдікті полиция қызметкерлерінің қолына түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 қазанда Шахтинск қаласының полиция бөліміне белгісіз біреулердің зейнеткердің үйіне заңсыз кіргені туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлеріне зейнеткердің 25 жастағы немересі әжесінің бос тұрған үйін қарап кетуге келген кезде үй ішінде бірнеше ер адамның жүргенін, алайда оны көргеннен кейін қашып кеткенін хабарлаған.

Бұл факт бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 35 пен 46 жас аралығындағы үш күдікті ұсталды.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 149-бабы (Тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру