Қарағандыда жалған кәсіпкер тұрғындардың 23 млн теңгеге жуық қаржысын иемденген
Қарағандыда жалған кәсіпкер тұрғындардың 23 млн теңгеге жуық қаржысын иемденген, – деп хабарлайды Polisia.kz
27 қазан күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне 50 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Жәбірленуші қаладағы тұрмыстық және электронды тауарлар сатумен айналысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің директоры болып қызмет етеді. Мамыр айында ол өзін ірі фирманың басшысымын деп таныстырған азаматпен танысқан. Танысқан адамы жәбірленушіге керек тауарларын арзан бағаға әкеп бермекші болған. Кейін соңғысы жәбірленушіден тауар әкелемін деген желеумен 10 млн теңге ақшасын алған. Алайда айтылған уәде орындалмаған.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабына (Алаяқтық) сәйкес, қылмыстық іс қозғалды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлерімен осы іске қатысы бар деген күдікпен 30 жастағы азамат ұсталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді. Тергеу әрекеттері барысында полиция қызметкерлері күдіктінің осыған ұқсас 7 қылмысқа қатысы бар екендіктерін анықтады. Бірінші жағдайда алаяқ бизнеске ақша салу деген желеумен 27 жастағы азаматтан 4 млн теңге алып кетсе, кейін 61 жастағы азаматшаға мұра рәсімдеуге заңды көмек беремін деп 8,7 млн теңге ақшасын қолды қылған.