Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-дағы түнгі клубта екі әйел төбелесіп қалған

БҚО-дағы түнгі клубта екі әйел төбелесіп қалған, – деп хабарлайды Polisia.kz

Оқиға Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласындағы түнгі клубта сағат 03:50 уақыт шамасында болды.

20 жастағы азаматша бұзақылық ниетпен 34 жастағы әйел адамға дене жарақатын келтірген.

Анықталғандай, екеуі де ішімдікке масаң күйде болған. Өзара сөзге келіспей, араларында жанжал туындаған. Зардап шеккен 34 жастағы азаматша ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің қарауынан кейін үйіне жіберілді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру