Қарағандыда Жедел басқару орталығының камерасына терминал ұрлығы түсіп қалды
Қарағандыдағы Жедел басқару орталығының камерасына терминал ұрлығы түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
14 шілде күні Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің жасағы қала аудандарының бірінде қызмет атқарды. Шамамен сағат 02.30-да Қарағанды қаласының ПБ Жедел басқару орталығынан шағын маркеттердің бірінде бейнебақылау инспекторы белгілі бір адамның күдікті қозғалысын байқағаны туралы хабарлама келіп түсті.
Аталған ақпаратқа полицейлер бірден мән берді және санаулы уақыттарда оқиға орнына келіп жетті. Олар сауда нүктесінің бұзылған есігін және тәртіп сақшыларын көріп, жасырынуға тырысқан ер адамды көрді. Ол ұсталып, Қарағанды қаласының ПБ Михайлов полиция бөлімінің жедел-тергеу тобының қызметкерлеріне тапсырылды.
Тергеу барысында анықталғандай, ұсталған азамат 29 жастағы қала тұрғыны шағын маркеттің жанынан өтіп бара жатқан. Бұл кезде сауда дүкені жабық болған. Ер адам үлкен терезе арқылы фойеде орналасқан төлем терминалына көзі түседі. Ол шағын маркеттің кіреберіс есігінің құлпын ашып, бөлмеге кірген.
Қаскөй осылайша қолма-қол ақшаға жету үшін терминалды оқшау жерге сүйреп апаруды және оны бұзуды жоспарлағанын түсіндірді. Бірақ ұрының айласы полиция қызметкерлерінің назарына түсті. Терминал тәркіленіп, жәбірленуші тарапқа қайтарылды.
ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.