Қарағандыда жер үйлердің бірінен ұрлық жасаған күдікті анықталды
Қарағандыда жер үйлердің бірінен ұрлық жасаған күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 ақпан күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөліміне 50 жастағы қала тұрғыны хабарласып, түнгі уақытта жұмыста болған кезінде белгісіз біреу үйінен ұрлық жасағаны туралы арызданған. Оқиға орынына жедел-тергеу тобы жіберілді.
Полиция қызметкерлерімен күдікті ұрлыққа кілт таңдау арқылы барғаны анықталды. Ол оқиға орынынан құрал-жабдықтар мен 20 мың теңге ақша ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 83 мың теңгені құрады.
Криминалдық полиция қызмектерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 39 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.