Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында қонаққа келген әйел үй иесінің ақшасын жымқырып кеткен

Қарағанды облысында қонаққа келген әйел үй иесінің ақшасын жымқырып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 ақпан күні Қарағанды облысы Саран қалалық полиция бөліміне 34 жастағы азаматша хабарласып, үйіне қонақ шақырғанын, қонақтар кеткеннен кейін 70 мың теңге ақшасының жоғалып кеткенін айтып шағымданған.

Криминалдық полиция қызмектерлерімен “ізін суытпай” осы іске қатысы бар деген күдікпен 34 жастағы азаматша ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру