Қарағандыда жолдарды күтіп ұстауға жауапты 98 тұлғаға айыппұл салынды
Қарағанды облысы ПД әкімшілік полиция қызметкерлері қысқы кезеңде елді мекендердің көше-жол желісін және ортақ қолданыстағы автомобиль жолдарын тексеру арқылы жолдарды күтіп-баптау деңгейін тұрақты түрде қадағалап отырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тексеру нәтижелері бойынша 400-ден астам ұйғарым және жол мекемелерінің және мүдделі органдардың атына 110-ға жуық ақпарат берілді. Бұл ретте жолдарды күтіп ұстау жөніндегі талаптарды орындамағаны үшін 98 лауазымды және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, жалпы сомасы үш миллион теңгеден астам айыппұл салынды.
Сонымен қатар, бұрын енгізілген нұсқамаларды тиісінше орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі (Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау) бойынша үш әкімшілік материал қозғалды, онда осы құқық бұзушылық үшін 500 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл көзделген.
Қазіргі уақытта Қарағанды облысы ПД әкімшілік полиция қызметкерлері автомобиль жолдарының бұзылуына жол бермеу, сондай-ақ жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін нөсер кәрізін, су өткізу құбырларын тазарту және автожолдарды жинау тиімділігіне тексеру жүргізуде.
Қарағанды облысының автожолдарында барлығы 5201 су өткізу құбыры мен 275 көпір орналасқан, оның ішінде республикалық маңызы бар автожолдарда 1761 су өткізу құбыры мен 150 көпір орналасқан, бүгінде құбырларды тазалау жұмыстары басталды, оның ішінде 1679 су өткізу құбыры ашылды.
Облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарда 3440 су өткізу құбыры мен 125 көпір орналасқан, оның ішінде аудандық маңызы бар жолдарда 1202, оның ішінде 3244 құбыр мен 115 көпір тазартылған.