Қарағандыда жұмысшы кәсіпорыннан металл құбырларды ұрлап кетті
Қарағандыда жұмысшы кәсіпорыннан металл құбырларды ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
3 наурызда Қарағанды қалалық ПБ Михайлов полиция бөліміне кәсіпорындардың бірінен хабарлама келіп түскен. Белгісіз біреу металл құбырларды ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 42 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдікті – 63 жастағы осы кәсіпорынның жұмысшысын анықтап, ұстады. Ол ұрланған құбырларды металл қабылдау пунктіне тапсыруды жоспарлағанын түсіндіріп, кінәсін мойындады. Заттай айғақ алынды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.