Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда «жүргізуші куәлігін» жасап беремін деп алдаған алаяқ ұсталды

Қарағандыда «жүргізуші куәлігін» жасап беремін деп алдаған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Соңғы кездері әлеуметтік желілерде тез арада жүргізуші куәлігін жасаймын деген сыңайлы хабарламалар көп. Қала тұрғындарының кейбірі осындай хабарламаларға сеніп, бейтаныс адамдарға ақша салып, кейін жалған «хабарламаның» арқасында алаяқтардың арбауына түсіп қалып жатқандарыда бар.

Мәселен, 11 наурыз күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөліміне 35 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Жәбірленуші өзіне жүргізуші куәлігін алмақшы болып, тез арада құжаттарын жасап беремін деген бейтаныс адамға 85 мың теңге ақша берген. Қомақты қаражатты алған бейтаныс жәбірленушіні алдап кеткен. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 34 жастағы күдікті ұсталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді.

– Қазіргі уақытта жүргізуші куәлігін алу, теориялық, практикалық сынақтарды тапсыру тек қана «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-да жүргізіледі. Бұндай жұмыстарды Қарағанды облысында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-дан басқа бірде бір мекемеде заңды түрде бекітілген жүргізуші куәлігін беру жұмыстары жүргізілмейді, – деді Қарағанды облыстық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бағдат Какимов.

Сондай-ақ, Бағдат Какимов Қазақстан Республикасы «Жол қозғалысы» туралы Заңына сәйкес жүргізуші куәлігі арнайы дайындықтан өтіп, эмтихан тапсырған тұлғаларға ғана берілетінін ескертті. Қазақстан Республикасында жүргізуші куәлігін сатып алу заңсыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру