Қарағандыдада ауыл тұрғыны дәмханадан телефон ұрлап кетті
Қарағандыдада ауыл тұрғыны дәмханадан телефон ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
5 желтоқсанда Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне дәмханалардың бірінде ұрлық орын алғаны туралы хабарлама келіп түскен. Жәбірленуші 40 жастағы ер адам ойын-сауық мекемесінде біраз уақыт бойы ұялы телефонын үстелде қараусыз қалдырғанын айтты. Осы жағдайды пайдаланып, белгісіз біреу ұялы телефонды алып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 60 мың теңгені құрады.
Полицейлер ауылдық округтердің бірінің 28 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындады. Айғақты зат – ұялы телефон тәркіленген.
ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.