Қарағандылық әйел дүкеннен киім ұрламақ болды
Қарағандыда дүкеннен киім ұрламақ болған әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
14 ақпанда Қарағанды қаласының Орталық полиция бөліміне бір сауда ұйымының өкілі арызданған. Ол сауда нүктесінің кассасынан белгісіз біреудің құны 93 мың теңге тұратын киімдерді ұрламақ болғанын айтты.
Ұрлықтың алдын алған сатушы қаскүнемге дер кезінде назар аударған.
Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Қарағанды қалалық ПБ Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының барысында күдікті – 27 жастағы қала тұрғынын анықтап, ұстады. Күдікті кінәсін мойындады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 24-188-бабы (Ұрлыққа оқталу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.