Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мақтааралдық полицейлер тұрғынның еміне қаражат жинап берді

Мақтааралдық полицейлер тұрғынның еміне қаражат жинап берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының полиция қызметкерлері түрлі құқық бұзушылықтарды анықтап, қылмыстарды ашумен қатар қайырымдылық жасауды да күн тәртібінен түсірген емес. Яғни, тәртіп сақшылары ізгі істерді кейінгі буынға насихаттап, полиция қатарында өз елінің нағыз патриоты, адал офицерлер қызмет атқаратынын тұрғындарға іс жүзінде дәлелдеп, қоғамдағы полицияның оң имиджін қалыптастырып келеді.

Осы тұста тәртіп сақшылары денсаулығында ақауы бар Мақтаарал ауданы Атакент кентінің тұрғыны Назипа Нұримбаеваның шаңырағына барып, жағдайын сұрап қайтты. Сонымен қатар, жеке құрам қызметкерлері ем-домына көмек ретінде қаржы жинап, табыс етті. 

Қашан да қолдан келгенше қайырымдылық жасауды өздеріне парыз еткен ел қорғандары халқымыздың игі дәстүрін алға тартып, қазіргі кезде қайырымдылық жасауды өздерінің күнделікті қызметтерінің қатарына қосқан.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру