Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент тұрғыны қарызын қайтармаған танысынан телефонын тартып алды

Шымкент тұрғыны қарызын қайтармаған танысынан телефонын тартып алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаратау ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол онда қала көшелерінің бірінде танысы Samsung телефонын тартып алғанын жазып көрсеткен. Келтірілген шығын көлемі 50 мың теңгені құраған. Аталған деректі тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 389-бабымен (Өзінше билік ету) тіркеуге алды.

Аталған хабарды алған полицейлер бірден оқиға орнына бағыт алды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қаратау АПБ учаскелік инспекторларымен құқық бұзушының жеке басын анықтап, оны қала аумағынан ұстап, басқармаға жеткізді. Ол 32 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Белгілі болғандай, тұрғынның телефонын тартып алған азамат арызданушыға қарызға 130 мың теңге берген. Содан қарызын уақытылы төлемегеніне ызаланып, телефонын тартып алып, ақысын алмақшы болғаны анықталды. Қазіргі таңда ұсталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру