Қарағандылық әйел үйіндегі ұрлықтың үстінен түсті
Қарағандылық әйел үйіндегі ұрлықтың үстінен түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
22 маусым күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөліміне аумаққа қарасты жер үйлердің бірінде белгісіз біреу үйге кіріп, ұрлық жасамақшы болды деген хабарлама түсті. Оқиға орынына бірден жедел-тергеу тобы жіберілді.
Полиция қызметкерлері оқиға орынында хабарлама берген 47 жасар әйелден түсінік алды. Әйел өз үйінде таңертеңгілік уақытта бір шуды естіп, шу шыққан қонақ бөлмесіне келгенде белгісіз біреудің үйде тұрған теледидарын көтеріп бара жатқанын көрген. Үй иесін көрген күдікті бірден қолындағысын қалдырып, қашып кеткен.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген ауқымды іс-шаралар барысында ізін суытпай аталған іске қатысы бар деген күдікпен 39 жастағы ер адамды ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді.
Аталған фактіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 24-188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.