Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер 17 тоннаға жуық жабайы қарасораны жойды

Жамбылдық полицейлер 17 тоннаға жуық жабайы қарасораны жойды, – деп Polisia.kz.

2021 жылдың 1 маусымынан бастап кең ауқымды “Қарасора-2021” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы басталды.

Есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде ауыл шаруашылығы техникасын тарта отырып, есірткі құралдарын жою жөніндегі көшпелі комиссия құрылды.

Жамбыл облысының  Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жиырма күн ішінде Шу, Тұрар Рысқұлов және Байзақ аудандарының 450 гектар жер аумағында жабайы қарасораны шабу арқылы 16 тонна 742 келі  “сора тұқымдас өсімдік”  жойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру