Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық алаяқтың ұрлық фактісіне қатысы анықталды

Балқаш қаласының полицейлері екі қылмысқа қатысы бар күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 қараша күні Қарағанды облысы Балқаш қалалық полиция бөліміне 43 жастағы қала тұрғыны хабарласып, көшеде белгісіз азаматтың біреуге шұғыл телефон соғу сылтауымен ұялы телефонын сұрап алып, қаша жөнелгені туралы арызданған.

Бұдан басқа ұялы телефонның қаптамасында жәбірленушінің 40 мың теңге ақшасы болған.

Келтірілген шығын көлемі 80 мың теңгені құрады.

Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған іске қатысы бар деген күдікпен 30 жастағы азамат ұсталып, ол қылмысын мойындады.

Оның қала аумағында жасалған басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау барысында оның осыған дейін жасалған ұрлық фактісіне қатысы анықталды.

Ұсталған азамат 6 қараша күні қаланың тағы бір тұрғынының қалтасынан ұялы телефонын ұрлап алған.

Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық)  және 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру