Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші қайтадан мас күйінде көлік жүргізген

Павлодар облысында жыл басынан бері мас күйінде көлік жүргізген 1 211 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұз қаласының көшелерін патрульдеу кезінде полицейлер «ВАЗ-2107» автокөлігін тоқтатқан.

Көлік құралын басқарып келе жатқан 34 жастағы жүргізуші өткізілген сараптама нәтижелеріне сәйкес мас болып шықты.

Тексеру кезінде жүргізушінің сот шешімі бойынша осыған дейін көлік құралын басқару құқығынан 3 жылға айырылғаны анықталды, алайда ол өзі үшін тиісті қорытынды жасамай, қайтадан мас күйінде машина айдаған. Жүргізуші енді қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Полиция қызметкерлері мас жүргізушілерді анықтау ішкі істер органдары қызметінің басым бағыттарының бірі екенін тағы да еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру