Қарағандылық полицейлер елордадан келген ұрыларды ұстады
Қарағандыда қонақ үйлердің бірінен елордадан келген ұрылар қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды қалалық Полиция басқармасы, криминалдық полиция қызметкерлеріне қаладағы сауда үйлерінің бірінен ер адамның күртесін ұрлау бойынша арыз түсті. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 48 мың теңгені құрады. Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді.
Кешенді жұмыстар атқару барысында тәртіп сақшылары күдіктінің қаладағы қонақ үйлердің бірінде жасырынып жатқанын анықтады. Қабылданған жұмыстар барысында 23 жастағы күдікті қонақ үйдегі бөлмеден ұсталды. Сол жерде оның сыбайласы 18 жастағы Астана қаласының тұрғыны да ұсталды. Белгілі болғандай, 18 жастағы Астана тұрғыны да сауда үйлерінің бірінен қыстық куртка ұрлаған. Айғақ заттар тәркіленді.
Күдіктілер мойындау көрсетпе белгілерін беріп, Астанадан ұрлық жасау үшін келіп, сауда үйіне жақын маңнан қонақ үйге орналасқанын көрсетті.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақсатан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.