Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте жігіт бұрынғы сыныптасының қымбат телефонын ұрлап кетті

Түркістан облысының тұрғыны бұрынғы сыныптасының қымбат телефонын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бала күнінен бірге өскен сыныптас досын үйіне қонаққа шақырып, құны қымбат бренд маркалы ұялы телефонын ұрлатып алды. Оқиға 10 қазанда күндізгі сағат 12:00 шамасында болған.

Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті жердің 23 жастағы тұрғыны арызданды. Ол арызында туған ауылында бір сыныпта оқыған досы үйіне қонаққа келіп, соңында өзіне тиесілі қымбат телефонын жасырын түрде жымқырып кеткендігін көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 650 мың теңгені құрап отыр.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Тәртіп сақшылары хабарды алған бойда жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде күдіктіні араға тәулік өтпей, қала аумағындағы сату дүңгіршектерінің бірінде ұрланған телефонды саудаласып тұрған сәтінде қолға түсірді. Ол Түркістан облысы Шардара қаласының 23 жастағы тұрғыны болып шықты.

Ұсталған азамат өз кінәсін толықтай мойындап, ұрлыққа қаражаттың жетіспеушілігінен барғанын жеткізді. Қазіргі кезде байланыс құралы тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Айта кетейік, полиця қызметкерлері күдіктінің басқа да ұрлыққа осы тектес жайттарға қатысы барын анықтауда. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру