Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында жоғалған балалар бір тәулік ішінде табылды

Алматы облысында жоғалған балалар бір тәулік ішінде табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 қазанда сағат 23:45-те Талғар ауданы ПБ кезекші бөлімінің пультіне жергілікті тұрғыннан кәмелетке толмаған балаларды іздестіруге жәрдем көрсету туралы хабарлама келіп түсті. Ол сол күні сағат 10:30 шамасында оның 6 жасар ұлы екі кәмелетке толмаған ағасымен бірге үйден шығып, оралмағанын айтты.

Кәмелетке толмағандарды іздестіруге өңірдің жеке құрамы дереу бағытталды және полицияның барлық кешенді күштері мен нарядтарына бағдарлар жіберілді. Алматы облысы Полиция департаменті бастығының жеке бақылауында болған іздеу іс-шараларына еріктілер де қосылды.

Нәтижесінде кезекші тәулік ішінде кәмелетке толмағандарды Бесағаш ауылынан 12 шақырым жерде Бесқайнар ауылдық округінің таулы жерінен “Табаған” ТА бағытында жергілікті тұрғын тапты. Қазіргі уақытта кәмілетке толмаған балалар үйлеріне аман-есен оралды.

ВИДЕО МҰНДА

Ал балалардың ата-аналары полицейлерге және іздеуге көмектескендердің барлығына шын жүректен алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру