Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тараздық полицейлер жоғалған қызды тапты

Тараздық полицейлер жоғалған қызды тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қалалық Полиция басқармасының “102” жедел нүктесіне сағат 23:00 шамасында қала тұрғынынан 8 жастағы қызының кешкі сағат 18:00 кезінде аулаға ойнауға шығып оралмағандығын, өзі іздеп таппағандығы жайлы хабарлама түскен.

Кәмелетке толмаған қызды іздеу жұмыстарына Полиция басқармасының жеке құрамы, 30 ерікті азамат, Ұлттық ұлан сарбаздары, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, кинолог мамандары мен қызметтік иттер жұмылдырылды.

Аталған топпен 7 сағатқа созылған іздеу шараларының нәтижесінде таңғы сағат 07.00 шамасында қыз қала аумағындағы аулалардың бірінен табылды. Ол өзінің ойнап жүріп, байқамай басқа аулаға кетіп қалғандығын, кеш батқанда үйіне қайтар жолды таппағанын айтқан. Жасы кәмелетке толмаған қыз аман-есен өзінің анасына тапсырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру