Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері қару қоймасын тапты

Ақмола полицейлері қару қоймасын тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 қазанда Ақмола облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері “Учаске” ЖПІШ барысында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Қарасай айналма жолында қару-жарақ арсеналын тапты. Бетонды суағар жертөлесінен полицейлер атыс қаруының төрт бірлігін тауып алып, тәркіледі: МЦ 2112 маркалы тегіс ұңғылы мылтығы, ЗК 20 калибрлі мылтығы, ТОЗ 5 мылтығы, ИЖ-К 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтықтың кесіндісі.

Осы факті бойынша полицейлер ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі бойынша “Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.

Тәркіленген қару баллистикалық сараптамаға жіберілді.

Ақмола облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру