Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер Петропавл тұрғынынан ойық қару алды

Полицейлер Петропавл тұрғынынан ойық қару алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ауқымды жұмыстар жүргізуде. Оның ішінде заңсыз қару айналымы саласы да бар. Тіркелмеген қару ауыр зардаптарға ғана әкеп соқтырмайды, криминалдық мақсатта қолдану үшін ұрлануы әбден мүмкін. Аталған жұмыс аясында 58 жастағы петропавлдықтан тіркелмеген 5,6 мм колибрлі патронға шақталған жалғыз ойық ұңғысы бар Белка мылтығы анықталып, алынды. Ер адам аңшы болып табылады және оның тіркелген екі мылтығы бар екен. Дегенмен, Белка қаруын ешбір қауіпсіздік нормаларын сақтамай, тоңазытқыштың артына қойған. Оның айтуынша, мылтықты орманнан тауып алған.

– Заңсыз сақтаудағы қару алынып, сараптамаға жіберілді. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Сондай-ақ аңшыға тіркелген қару да алынды, оның құқық беру қолданысы тоқтатылатын болады, – дейді СҚО ПД ҰҚҚКБ бастығы Жандос Басыбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру