Қарағандылық полицейлер бүлдіршіндерге мерекелік көңіл күй сыйлады
Қарағандылық полицейлер бүлдіршіндерге мерекелік көңіл күй сыйлады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 маусым – Балаларды қорғау күнін мерекелеу қарсаңында Қарағанды қаласының ПБ басшылығымен жеке құрамының ұйымдастыруымен Қарағанды қаласы ПБ және Михайлов полиция бөлімі қызметкерлері Қарағанды қаласында орналасқан «Асыл ана» қоғамдық қорына барды.
Іс-шара барысында кішкентай бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкі командирінің орынбасары Дархан Алюбаев балаларды мерекемен құттықтап, ұжым атынан дайындалған тәттілер мен ойыншықтарды табыс етті.
Сонымен қатар Қарағанды қаласының ПБ Михайлов полиция бөлімі «Асыл ана» қоғамдық қоры қарамағындағы отбасыларға азық-түліктер сыйлады. Михайлов ПБ басшылығы және жеке құрамы атынан Михайлов ПБ бастығының орынбасары Асхат Аубакиров балаларға жарқын болашақ тіледі.
Өз кезегінде «Асыл ана» қоғамдық қорының директоры Айжан Байдельдинова және аналар өздеріне көрсетілген қамқорлықтары мен ықыластары үшін полиция қызметкерлеріне алғыс айтып, ризашылықтарын білдірді.