Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері алаяқтық жолмен тұрғыннан ақша алған алматылық қызды анықтады

Түркістан облысының полицейлері алаяқтық жолмен тұрғыннан ақша алған алматылық қызды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Созақ АПБ-ға жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғандығы жөнінде арызданған. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, белгісіз азаматша өзінің банктерден алған несиелерінің үстемақысын жойып беремін деп алаяқтық жолмен 100 мың теңге ақшасын алып, жоғалып кеткен. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша СДТТБТ-ға тіркеп, қылмыстық істі ашуға бірден кірісті.

Орын алған алаяқтық қылмысын тез арада ашып, күдіктіні құрықтау мақсатында ауданның қырағы полицейлерінен арнайы топ құрылып, жұмыс жасалды. Нәтижесінде полицейлер, күдікті қызды ұстап, бөлімшеге жеткізді. Ол Алматы қаласының тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті азаматшаның бас шарасы қолхатпен босатылды.

Белгілі болғандай жәбірленуші азаматша күдіктімен интернет желісі арқылы танысқан. Содан соң ол түрлі жарнамаларды жіберіп, сеніміне кірген. Осылайша алаяқтық жолмен 100 мың теңге ақшасын алып, өзінің бас пайдасына жұмсап жіберген.Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жақын таныс емес адамдарға сенбеу керектігін ескертеді. Несие болмаса басқа да әлеуметтік және материалдық көмектер алуға көмектесемін деушілерге алданбаңыздар деп кеңес береді. Егер, сіз, алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның «102» телефонына хабарласыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру