Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Мемлекеттен 120 млн теңге алып беремін”: Шымкентте алаяқ тұрғынды 7 млн теңгеге алдап кетті

Шымкентте алаяқ тұрғынды жеті миллион теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 26 мамырында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық ПБ-ның “102” сымтетігіне қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында белгісіз адам мемлекеттен 120 млн теңге агросубцидия алып беремін деп, сеніміне кіріп, 7 204 000 теңге ақшасын алаяқтық жолмен алып, осы уақытқа дейін қайтармай қашып жүргенін көрсеткен.

Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық ПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті адамды анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру