Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері жылыжайдан көкнәр тәркіледі

Түркістан облысының полицейлері жылыжайдан көкнәр тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ордабасы АПБ-ға жергілікті тұрғынның есірткі затын өсіретіндігі туралы хабар келіп түскен. Аталған жайт СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Хабарлама түскен сәттен бастап тәртіп сақшылары бірден жедел-іздестіру шарасына кірісті. Осылайша, ақпарат көздері арқылы күдікті тұрғынның жеке-басы мен мекенжайы анықталды. Содан соң үйін тексеру барысында күдіктінің ауласында орналасқан жылыжай ішінен түбі қопсытылып, суарылып бапталған тоғыз түп есірткі заты анықталды. Жергілікті тұрғыннан тоғыз түп есірткі тектес өсімдік заты тәркіленіп алынды.

Айғақты зат ретінде алынған өсімдіктерге сот-сараптамалық зерттеу тағайындалды. Сараптама қорытындысына сәйкес түптер көкнәр болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатпен босатылды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері заңсыз, құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді еккені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Егер сіз есірткі бойынша қандай да бір ақпараттарды білсеңіз, бірден полицияның «102» нөміріне хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру