Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық полицейлер екі ұрлық фактісінің алдын алды

Қарағандылық полицейлер екі ұрлық фактісінің алдын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

31 қаңтар күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасы патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қызмет өткеру барысында екі ұрлық фактісінің жолын кесті.

Мәселен, сағат 16:05 шамасында жеке үйлер маңында қоғамдық қауіпсіздікті қадағалау барысында қоршалған үйдің ауласында шанаға заттар тиеп жатқан екі азаматты байқаған. Полицейлер күдік тудырған 30 бен 42 жастағы қос азаматты тоқтатқан кезде, олар сол үйден жеті профлист ұрлап жатқанын мойындады.

Араға 25 минут салып, патрульдік полицияның нарядымен жер үйлер аумағында 52 жастағы азаматтың басқаруындағы автокөлік ұсталды. Көлікке тексеріс жүргізу барысында полицейлер көліктен кріпішпен ағаштар тәркіленді. Ұсталғандар өзгенің гаражын бұзғаны туралы мойындады.
Барлық ұсталғандар тиісті тексеріс жұмыстарын жүргізу үшін Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне жеткізілді. Аталған фактілер бойынша қылмыстық кодекстің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Полицейлермен жәбірленушілер анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру