Түркістан облысында жаяу жүргіншіден есірткі табылды
Түркістан облысында жаяу жүргіншіден есірткі табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ордабасы ауданы ПБ-нің учаскелік полиция инспекторлары жүргізілген «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы барысында Ордабасы ауданы Темірлан ауылының көшелерінің бірінде күдік тудырған жаяу жүргіншіні көріп тоқтатады.
Полицейлер азаматтан жеке басын анықтайтын құжатын сұраған. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары күдікке ілінген азаматтан қалтасындағы заттарды көрсетуін сұрайды. Осы кезде күдіктінің күртесінің төс қалтасынан ақ түсті параққа оралған айрықша иісі бар есірткіге ұқсас зат шығады. Ордабасылық полицейлер алынған есірткі затын сараптамаға жолдады.
Сараптама нәтижесі бойынша алынған өсімдік хош иісі бар «кептірілген марихуана» болып шықты. Салмағы үш грамға жуық.
Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеді.
Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп, басқа да қылмыстық істерге қатысы бар-жоқтығы анықталуда.
Осы тұста айта кетер жайт, Ордабасы ауданы аумағында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы барысында 685 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын аокогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын аокогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша – 1 440 әкімшілік хаттама түзілген.