Қарағандылық полицейлер мотоцикл ұрлаған тұрғынды ұстады
Қарағандылық полицейлер мотоцикл ұрлаған тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
22 қыркүйек күні Қарағанды облысы Топар полиция бөліміне 21 жастағы кент тұрғыны хабарласып, тамыздың 22-нен 23-не қараған түні белгісіз біреулер үйінің ауласынан мотоциклын ұрлап кеткендігі туралы арызданған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 460 мың теңгені құраған.
Алғашында өз күшімен ұрланған затын тауып алмақ болған жәбірленуші іздеу шараларынан нәтиже шықпағандықтан, полицияға жүгінген. Арада бір ай уақыт өтсе де жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері осы іске қатысы бар 41 жастағы көрші ауылдың тұрғынын ұстады. Күдікті ішімдік ішетіндердің есебінде тұрғаны анықталды.
Бөтеннің мүлкін ұрлау фактісіне байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.