Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жол қозғалысы ережесін бұзудың 354 дерегі анықталды

Қызылордада “Қауіпсіз жол” жедел профилактикалық шарасының бір күнінде 300-ден аса құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің және Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлерімен облыс көлемінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында қыркүйек айының 22-24 күндері аралығында “Қауіпсіз жол” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Көлік құралын мас күйінде басқару, жолдың қарсы бағытына шығу, жылдамдық режимін бұзу, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өтпелерінен өту ережелерін бұзу деректерін анықтауға 300-ден астам қызметкер жұмылдырылды.

Іс-шараның бір күнінде жол қозғалысы ережесін бұзудың барлығы 354 дерегі анықталды.

Оның ішінде заңсыз қайта жабдықтаудың – алты, міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген – 15, ұялы телефонмен сөйлесудің – 38, белгіленген жылдамдық мөлшерін арттырудың 39, қауіпсіздік белдігін пайдалану ережесін бұзудың – 64, маневр жасау ережесін бұзудың – 12, жаяу жүргіншіге жол бермеудің 13, алкогольді масаң күйде көлік құралын басқарудың – бес, құжатсыз көлік құралын басқарудың 51 дерегі анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру