Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық полицейлер синтетикалық есірткі жасырумен айналысқан екі жасөспірімді ұстады

Қарағандылық полицейлер синтетикалық есірткі жасырумен айналысқан екі жасөспірімді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қала орталығында қоғамдық қауіпсіздікті қадағалау, қылмыстың алдын алу бағытында қызмет атқарып жүрген Қарағанды қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция полкінің қызметкерлері күдік тудырған қос азаматты көрген. Қызметтік көлікті көрген азаматтар жүрген жерлерінен ізін жасырмақшы болған. Алайда, полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында олар қолға түсті. Олардың бірі 16, екіншісі 17 жастағы колледж студенттері екені белгілі болды. Ұсталғандар “синтетикалық” есірткі жасырумен айналысып жүргендерін мойындады.

Оқиға орынына тексеріс жұмыстарын жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдіктілер лақтырып жіберген сөмкені тауып, одан жалпы салмағы 18 грамм болатын ұнтақ тәрізді 18 орам заттарды тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттардың синтетикалық есірткі заты екені белгілі болды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру