Қарағандылық полицейлер ұрлық жасаған жасөспірімді ұстады
Балқаш қаласындағы шіркеуден теледидар ұрлаған жасөспірім ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 қазан күні Балқаш қалаcының полиция бөліміне қаладағы шіркеулердің бірінен құны 140 мың теңге тұратын теледидарды белгісіз біреудің ұрлап кеткендігі туралы хабарлама түсті.
Тексеру барысында теледидардың шіркеуге келіп жүрген 66 жастағы зейнеткердікі екені белгілі болды. Ұры өзінің жымысқы ойын шіркеудің есігі ашық болған кезде жүзеге асырған.
Полиция қызметкерлері жүргізген іс-шаралар барысында 17 жастағы азамат ұсталып, одан теледидар тәркіленді.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.