Қарағандылық полицейлер жол тазалау ұйымдарына 350-ден астам нұсқама берді
Қарағандылық полицейлер жол тазалау ұйымдарына 350-ден астам нұсқама берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысының ПД әкімшілік Полиция басқармасының қызметкерлері пайдаланудағы автомобиль жолдарын және елді мекендердің жол желілерін қыс мезгілінде күтіп ұстау жағдайына тұрақты түрде мониторинг жүргізеді.
Олар жүргізген сауалнама нәтижелері бойынша жол ұйымдары мен мүдделі органдарға 350-ден астам нұсқама мен 90-ға жуық ақпарат берді. Бұл ретте жолдарды күтіп ұстау талаптарын орындамағаны үшін 40 лауазымды және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға жалпы сомасы 1,5 миллион теңге айыппұл салынды.
Бұл ретте ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабына (Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау) сәйкес жасалған нұсқауларды тиісінше орындамағаны үшін 500 АЕК-ке дейін айыппұл салуды көздейтін үш әкімшілік материал қозғалды.
Қазіргі уақытта автожолдардың бұзылуын болдырмау және сол арқылы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полицейлер су кәріздерін, су өткізгіштерді тазалау және жолдарды тазалаудың тиімділігін тексеруде. Жалпы облыс жолдарында 5 119 су өткізетін құбыр мен 275 көпір бар.
Полицейлер облыс тұрғындары мен қонақтарына наурыздың 4-і мен 6-сы аралығында қар, жаңбыр түрінде жауын-шашын, желдің жылдамдығы 20 м/с күтілетінін ескертеді. Сондықтан жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жүргізушілерге жолда жүру ережелерін қатаң сақтауды, қозғалыс қарқындылығын, көлік пен жүктің жағдайын, жол және метеорологиялық жағдайларды ескеруді қатаң ұсынып отыр.
Сондай-ақ, қолайсыз ауа-райы кезінде полицейлер жүргізушілерге ұзақ сапарлардан бас тартуды, елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды, ауа райы жағдайлары мен көлік қозғалысын шектеу туралы SMS хабарламаларға назар аударуды ұсынады. Көлік құралдары бұзылып, көмек қажет болған жағдайда 102 телефонына немесе ішкі істер органдарының кезекші бөлімшелеріне хабарлаңыз.