Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяқ Теміртау тұрғындарының атынан 10 несие рәсімдеп алған

Алаяқ Теміртау тұрғындарының атынан 10 несие рәсімдеп алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Теміртау қаласының ПБ-на жыл басынан бері белгілі бір тұлғаның алаяқтық әрекетінің құрбаны болған қала тұрғындарынан өтініштер түсе бастады. Өзін сауда ұйымының өкілі ретінде таныстырған алаяқ кәсіпкерлердің сеніміне кірген. Қомақты жеңілдіктер уәде етіп, жәбірленушілердің сеніміне кіріп, олардың атынан 500-700 мың теңге көлемінде несие алған.

Барлық фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

25 ақпанда жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 35 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындады. Полицейлер сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктінің 10 алаяқтық фактісіне қатыстылығын анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру